🔰 СОЗАҚ: «DRILLING COMPANY» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 СОЗАҚ: «DRILLING COMPANY» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹Бүгін Департаменттің "Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Созақ ауданында орналасқан «Drilling Company» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
 
🔹 Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиға орын алған жерге арнайы барып, мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
 
🔹 Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы Серіктестіктің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.