🔰 ТӨЛЕБИ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

🔰 ТӨЛЕБИ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
🔹 Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес Төлеби ауданында кезекті кездесу өтті.
 
🔹 Кездесуге Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Тұрғынбеков Сәбит Елтайұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Төлеби ауданында орналасқан жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын жасамаған кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы баяндама жасады.
 
🔹 Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.