
Мобильді қабылдауға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы қатысып, өңір тұрғындары тарапынан қойылған еңбек қауіпсіздігі, жұмыстан заңсыз босату, жалақы төлеу және еңбек қатынастары саласына қатысты өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштер айтылды. Әрбір сұрақ мұқият тыңдалып, еңбек заңнамасы аясында нақты түсіндірмелер берілді.