🔰 ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ – НАҚТЫ ШЕШІМДЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

🔰 ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ – НАҚТЫ ШЕШІМДЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
🔹 Бүгін, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлы азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
 
🔹 Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Манат Уалиханқызының хатшылығымен жүргізілген қабылдау барысында Департамент басшысы өңір тұрғындарын еңбек қатынастары, жалақының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сондай-ақ еңбек дауларына қатысты өзекті мәселелерімен қабылдады. Сондай-ақ, Амангелды Салхудинұлы азаматтардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, заңнама талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер беріп өтті.
 
🔹 Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі екені атап өтілді.
 
🔹 Осындай қоғамдық қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтып, еңбек саласындағы мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.