
Аталған іс-шара барысында қатысушыларға еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндіріліп, жұмыс берушілердің негізгі міндеттері атап өтілді. Атап айтқанда, еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеу, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі талаптарымен таныстыру, сондай-ақ өндірістік тәуекелдердің алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.