🔰 САРЫАҒАШ: «HIGH SCHOOL» OF SARYAGASH» ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 САРЫАҒАШ: «HIGH SCHOOL» OF SARYAGASH» ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Департаментпен бекітілген жоспардан тыс тексеру тағайындау актісіне сәйкес Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты «High school» of Saryagash» зияткерлік білім беру мектебі» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында Рауан Жұмадулаұлы мекемеде еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастарына байланысты міндеттемелерін қарады.
 
🔹 Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының реттелуі, тиісті құжаттамалардың жүргізілуі бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.
 
🔹 Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша жұмыс берушіге және Серіктестік қызметкерлеріне заңнама талаптарын сақтау жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.