🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: «ЖЕТІСАЙ ҚЫЗМЕТ» КММ-ДА ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: «ЖЕТІСАЙ ҚЫЗМЕТ» КММ-ДА ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 2026 жылдың 12 наурыз күні Департаменттің "Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Жетісай ауданы әкімдігіне қарасты «Жетісай қызмет» КММ-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
 
🔹 Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиғаның мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
 
🔹 Сонымен қатар, оқиғаға куә болған қызметкерлерден түсініктемелер алынып, тиісті құжаттар мен өндірістік процестер зерттелді. Арнайы тергеп-тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның себептері анықталып, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі талаптарын күшейту және өндірістік бақылауды арттыру жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.
 
🔹 Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу – қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Сондықтан әрбір жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға ерекше назар аударып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.