🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘДЕП МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН «QURMET» ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘДЕП МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН «QURMET» ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 6 наурыз күні Мемлекеттік қызметте әдеп қағидаттарын нығайту және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «QURMET» челленджі аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілінің арнайы тапсырмасына сәйкес Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен кезекті жиын өткізді.
 
🔹 Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, әріптестер арасындағы сыйластықты арттыру және азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
 
🔹 Жиында мемлекеттік қызметте кәсіби мәдениетті дамыту, ашықтық пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
 
🔹 Қатысушылар «QURMET» челленджінің негізгі мақсаты – қоғамда және еңбек ұжымдарында құрмет пен ізгілікті дәріптеу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәдениетін кеңінен насихаттау екенін атап өтті.
 
🔹 Бұл бастама мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға және қоғам мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.