
Жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы Серіктестік қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.