🔰 ОРДАБАСЫ: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЗАҢ ТАЛАБЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІК

🔰 ОРДАБАСЫ: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЗАҢ ТАЛАБЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІК
🔹 Департаментпен бекітілген «Түркістан облысы аумағында қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының жасалуына "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру бойынша кезекті кездесу бүгін Ордабасы ауданында өткізілді.
 
🔹 Кездесуге Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Тұрнияз Илияс Еркінұлы, Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және жекеменшік балабақша құрылтайшылары, кәсіпкерлер, білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Еңбек кодексіне 2026 жылы енгізілетін негізгі өзгерістер туралы Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы және қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы баяндама жасады.
 
🔹 Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заңға сәйкес жан-жақты жауаптар беріліп, міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ұсыныстар талқыланды.