🔰 СОЗАҚ: ӨҢІРДЕГІ ӨНДІРІСТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН-АЛУ ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ

🔰 СОЗАҚ: ӨҢІРДЕГІ ӨНДІРІСТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН-АЛУ ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
🔹 Бүгін, Созақ ауданында Департаментпен бекітілген «Түркістан облысы аумағында қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының жасалуына "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру бойынша кезекті кездесу өтті.
 
🔹 Кездесуге Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ешанқұлова Алтын Күнтуова, Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және жекеменшік балабақша құрылтайшылары, кәсіпкерлер, білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Еңбек кодексіне 2026 жылы енгізілетін негізгі өзгерістер туралы Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы және қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы баяндама жасады.
 
🔹 Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заңға сәйкес жан-жақты жауаптар беріліп, міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ұсыныстар талқыланды.