🔰 ТҮРКІСТАН: «АРХИМЕДИК» ЖШС-НЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 ТҮРКІСТАН: «АРХИМЕДИК» ЖШС-НЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 2026 жылдың 26 ақпан күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Түркістан қаласында орналасқан «Архимедик» мектебі ЖШС-не профилактикалық бақылау жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы «Архимедив» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.