🔰 КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

🔰 КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ
🔹️ Бүгін, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті.
 
🔹️ Жұмыс орындарының қауіпсіздігі мен еңбек шарттарының сапасы, сондай‑ақ еңбек нарығында азаматтарға қолжетімділік пен құқықтық кепілдіктерді айқындау мәселелері де қаралды.
 
🔹️ «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында министрлік әлеуметтік‑еңбек саласын технологиялық жаңғырту бойынша үлкен міндеттерді іске асыруға тиіс екені атап өтілді.
 
🔹️ Мүгедектікті тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тиісті ведомстволардың ақпараттық жүйелерін біріктіру тапсырылды.
 
🔹️ Сонымен қатар, әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың жаңа бағыттары белгіленді. Еңбек нарығын дамыту, азаматтарды жұмыспен қамтуды арттыру, әлеуметтік қолдаудың жұмыс тиімділігін күшейту және цифрлық инновацияларды енгізу арқылы әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру.
 
🔹️ Министрлік алқасының кеңейтілген отырысы — әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту, еңбек нарығын дамыту және азаматтарды жұмыспен қамту мәселелерін кешенді түрде шешуге бағытталған қадамдарды іске асыру міндеті баста назарда екенін анық көрсетті.