🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: «ЖЕТІСАЙ СУ» МКК-НА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: «ЖЕТІСАЙ СУ» МКК-НА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Департаментпен бекітілген тексеруді тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 20 ақпан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ШЖҚ-дағы "Жетісай су" МКК-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.