🔰 САРЫАҒАШ: «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР» ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰 САРЫАҒАШ: «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР» ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 2026 жылдың 18 ақпан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты "Дарынды балалар" Зияткерлік білім беру мектебі" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізіп, мектеп қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесу барысында тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадуллаұлы мектеп қызметкерлеріне жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына, жалақы қарыздары, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарына қатысты заңдылықтардың сақталуы, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, кәсіби тәуекелдерді бағалау мәселелеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме беріп өтті.