
Бекітілген арнайы жұмысшы топ құрамына арнайы бекітілген Департаменттің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы үстіміздегі жылдың 18 ақпан күні жұмысшы топ құрамымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде кезекті іс-шарасына қатысып, Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округіндегі индустриалды аймақтағы жұмыс орындары бойынша еңбек қатынастарының заңдылық талаптарымен ресімделуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде:
– Ашылған жұмыс орындарында еңбек шарттарының ресімделуінің қамтамасыз ету;
– Жалақының заңды төленуі;
– Жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру;
– Көлеңкелі еңбек қатынастарын азайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілудегі жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының сақталу заңдылықтарына еңбек кодексінің талаптарына сәйкес түсіндірме беріп өтті.