
Қолданыстағы Конституция 9 бөлім, 99 баптан тұратын болса, жаңа жобада 11 бөлім және 95 бап болып жобаланды. Жалпы 77 бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде:

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту;

Билік тармақтары арасындағы теңгерімді күшейту;

Парламенттің рөлін арттыру, Үкіметтің есептілігін қамтамасыз ету;

Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту;

Конституциялық Сот арқылы әділдікке қолжетімділікті кеңейту;

Саяси қатысу мүмкіндіктерін арттыру және демократиялық үдерістерді дамыту.