🔰 ОРДАБАСЫ: «М.Х.ДУЛАТИ» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔰 ОРДАБАСЫ: «М.Х.ДУЛАТИ» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 10 ақпан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Ордабасы ауданындағы іс сапары барысында Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты "М.Х.Дулати" атындағы ЖББМ" КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы мектеп қызметкерлеріне ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.