⚜️ ДЕПАРТАМЕНТ: АТА ЗАҢ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕПІЛІ!

⚜️ ДЕПАРТАМЕНТ: АТА ЗАҢ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕПІЛІ!
🔷️ Бүгін, Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесіне және ел Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай, Департамент қызметкерлерінің қатысуымен құттықтау жиынын өткізді.
 
🔷️ Жиын барысында Қазақстан Республикасының ең қастерлі мерекелерінің бірі – Конституция күні екендігін, бұл күн – мемлекетіміздің тарихындағы аса маңызды белес екенін атап өтті. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз – егеменді Қазақстанның даму жолындағы темірқазығы болып табылатындығын, сонымен қатар, Конституцияның ел өміріндегі тарихи әрі құқықтық рөлі ерекше атап өтілді.