
Аталмыш іс-шараның мақсаты – еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар (ең төменгі айлық жалақының көлемі, күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы, жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы);
– қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері;
– кепілдіктер мен өтемақы төлемдері бойынша (жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу);
– жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері (вахталық жұмыс әдісі, маусымдық жұмыстар, үй жұмыскерлері және т.б.);
– жеке және ұжымдық еңбек даулары бойынша өзекті мәселелерді қарастыру;
– жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасаудың маңыздылығы.