🔰 СОЗАҚ: АУДАНДЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔰 СОЗАҚ: АУДАНДЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔹 Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 21 тамызы күні Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төлендиев Мұрат Сағынұлы Созақ аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Смайлова Айгерім Нұрланқызы, М.Әуезов атындағы ІТ мектеп-лицейінің директоры, «Nomad Life» АҚ-ның басқарушы директоры Садуақас Сұлушаш Маратқызы, Созақ ауданындағы жекеменшік балабақша құрылтайшылары мен басшылары және шағын бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесу барысында Мұрат Сағынұлы өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме бере отырып, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасады.
 
🔹 Кездесу соңында Мұрат Сағынұлы кездесуге қатысушыларға "Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар "hr.enbek.kz" порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.