🔰 БӘЙДІБЕК: ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔰 БӘЙДІБЕК: ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
🔹 Үстіміздегі жылдың 21 тамызында Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы Төлендиев Мұрат Сағынұлы өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығы туралы түсіндірме-семинарын өткізді.
 
🔹 Сондай-ақ, Мұрат Сағынұлы кездесуге қатысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Досан Ақмарал Ертайқызы, М. Әуезов атындағы IT-мектеп-лицей директоры Бейсенова Толқын Ибатбекқызы, Бәйдібек ауданындағы жекеменшік балабақша құрылтайшылары мен басшылары, шағын бизнес өкілдеріне жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасап өтті.