🔰 ТӨЛЕБИ: ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔰 ТӨЛЕБИ: ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔹 Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 20 тамызы күні Төлеби ауданы, Ленгір қаласында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төлендиев Мұрат Сағынұлы Төлеби аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Жакипов Бақытғали Тұрарұлы, «Freedom Life» АҚ-ның жетекші менеджері Көшерова Фариза, Төлеби ауданындағы жекеменшік балабақша құрылтайшылары мен басшылары және шағын бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырып, өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұрат Сағынұлы жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын "enbek.kz" порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.
 
🔹 Кездесу соңында Мұрат Сағынұлы кездесуге қатысушыларға "Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар "hr.enbek.kz" порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.