🔰 КЕНТАУ: ӨҢІРДЕГІ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔰 КЕНТАУ: ӨҢІРДЕГІ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
🔹 Ағымдағы жылдың 19 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы Кентау қаласы білім бөлімінің "Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында өңір кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесуге қатысқан Кентау қаласы білім бөлімінің өкілі Әпиек Едиге Қанатұлы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің филиалы Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Таукеева Манат Пазылбекқызы және өңірдегі жекеменшік балабақшалар мен мектеп басшылары, қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын "enbek.kz" порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.
 
🔹 Кездесу соңында Ғалымжан Сейдуәліұлы кездесуге қатысушыларға "Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар "hr.enbek.kz" порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.