🔰 САУРАН: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔰 САУРАН: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔹 Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 19 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы «Halyk Life» АҚ-ның өкілі Ғайбулаев Асылбек Қамбарұлы, «Freedom Life» АҚ-ның өкілі, Сауран ауданы білім бөлімінің өкілі Кахарман Әлия Қайратқызының және Сауран ауданы білім бөліміне қарасты жекеменшік балабақша мен мектеп басшыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырып, өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын "enbek.kz" порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.
 
🔹 Кездесу соңында Ғалымжан Сейдуәліұлы кездесуге қатысушыларға "Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар "hr.enbek.kz" порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.