🔰 КЕЛЕС: ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ЖӘНЕ БАЛАБАҚШАЛАР БАСШЫЛАРЫНА ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔰 КЕЛЕС: ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ЖӘНЕ БАЛАБАҚШАЛАР БАСШЫЛАРЫНА ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
🔹 2025 жылдың 18 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Келес ауданындағы іс сапары барысында ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен жекеменшік иелігіндегі мектептердің басшыларына, кәсіпорын басшыларына өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесуге «NOMAD LIFE» АҚ-ның Түркістан қаласындағы 4 санаттағы басқарушы директоры Садуақас Сұлушаш Маратқызы, Келес ауданының жекеменшік балабақша қауымдастығының төрайымы Амеркенова Жанат Әбжанқызы және ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен мектеп басшылары қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығын тарқата отырып, оны "enbek.kz" порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.
 
🔹 Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторы өз баяндамасында жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасады.
 
🔹 Кездесу соңында Дінмұхамед Иглікұлы кездесуге қатысушыларға "Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар "hr.enbek.kz" порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.