🔰 МАҚТАРАЛ: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК МІНДЕТТЕРІН АТҚАРУ КЕЗІНДЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🔰 МАҚТАРАЛ: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК МІНДЕТТЕРІН АТҚАРУ КЕЗІНДЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
🔹 2025 жылдың 7 тамызында Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, Мақтарал ауданында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы, "Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша "Халық-Life" еншілес компаниясы" АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалының ресми өкілі Керімбек Мөлдір Саянқызының және ауданға қарасты кәсіпорын иелерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
 
🔹 Кездесудің басты мақсаты - өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы өндіріс орындарында қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында, жұмыс берушілерге аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу қажеттілігінің маңыздылығын түсіндіріп өтті.
 
🔹 Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақының есептелетін мөлшеріне де түсіндірме бере отырып, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштерін атап өтті.
 
🔹 Кездесу соңында кәсіпорын иелері тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша кәсіпорын иелерін бірлесе іс-шаралар атқаруға шақырды.