
Бүгін, Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Смадияр Алдияр Шаниярұлы мен Биділдә Ербол Серікбайұлы өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына талдау жасау мақсатында Төлеби ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Freedom Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының, «Halyk Life» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының ресми өкілдері мен ауданға қарасты кәсіпорын иелерінің қатысуымен кездесу өткізді.