⚜️ АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ - БАЛА ДЕГЕН...

⚜️ АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ - БАЛА ДЕГЕН...
🌞 Адам өмірінің мәні мен сәні де - бала! Бала - отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
 
🌞 Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.
 
🌞 Бұл мереке 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді.
 
🌞 Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды.
 
🌞 Егемен елдің ертеңі болар бүгінгі өрендерге тәрбие беріп, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз етіп, толыққанды білім алуына жағдай жасау қазақ елінің басты міндеті. Бұл ретте ашық қоғам, әділетті мемлекеттің атқарар рөлі зор.
 
🌞 Осыған орай, Департамент ұжымы - баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
 
🌞 Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Балаларымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік. Жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер, келешектің кезеңдері болыңыздар!