
Семинар барысында Өркен Алшынбаева өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасын, олардың кәсіби мінез-құлқын жақсарту мен мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкердің сынға себепкер болмауын, қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметте әдептілік, жауапкершілік, өз міндеттерін дұрыс орындау жайлы талаптардың заңдылықтарын тарқатып өтті. Сондай-ақ, семинар тақырыбына қатысты слайдтар мен нақты оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді.