ОРДАБАСЫ: «ТЕМІРЛАН АБАТТАНДЫРУ» КММ-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ
🔹 Бүгінгі өңірдегі кәсіпорындардағы еңбек ұжымымен кездесулердің қатарын «Темірлан абаттандыру» КММ–сі толықтырды.
🔹 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы «Темірлан абаттандыру» КММ–сі жұмысшыларына Департаментпен бекітілген Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.
🔹 Кездесу барысында өңірдегі кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендету, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
🔹 Сонымен қатар, Департаменттің МЕИ Мадина Сейдуалықызы «Темірлан абаттандыру» КММ–нің ұжымына Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтарға және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті.