🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

ДЕПАРТАМЕНТ: МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ
🔹 Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы Арыс қаласында орналасқан "Қазақстан Темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Шымкент магистралдық желі бөлімшесі" филиалының ПЧ-54 Арыс жол дистанциясы мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дамир Серғазыұлы жүргізілген тексеру қорытындысымен таныстыру және ҚР Еңбек кодексі талаптарының заңдылықтарына түсіндірме жүргізу мақсатында мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
🔹 Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек шарттарын жасасу, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, еңбек жағдайларын жасау, экологиялық төлемдерді төлеу, жұмыскерлерге артық жұмыс істету және қосымша ақы төлемеу жағдайлары туралы мәселелер көтеріліп, ол бойынша заңға сәйкес түсіндірме беріп өтті.
🔹 Сонымен қатар, еңбек ұжымында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты талаптарды, міндеттердің орындалуы бойынша тарқатып өтті.