ОРДАБАСЫ: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
📌 Департаментпен бекітілген «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес 2025 жылдың 22 мамырында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Ордабасы ауданында орналасқан «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның қызметкерлерімен кездесу өткізді.
📌 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы орталық аурухана қызметкерлеріне кездесудің мақсаты мен міндетін түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің басым бағыттарын тарқатып өтті.
📌 Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындардағы жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасады.
📌 Сондай-ақ, МЕИ Мадина Сейдуалықызы міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігі айтылды.
📌 Кездесу соңы ұжым қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен жалғасын тапты.