ҚАЗЫҒҰРТ: ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
🔹 2025 жылдың 21 мамырында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Қазығұрт ауданында орналасқан Қазығұрт ауданы білім бөлімінің "А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыра отырып, орын алған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта еңбек заңнамаларына қатысты заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы "А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.