🔰 ТҮЛКІБАС: ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА!
🔹 2025 жылдың 19 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Түлкібас ауданында орналасқан Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты «Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы" МКҚК-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔹 Сонымен қатар, еңбек ұжымында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты талаптарды, міндеттердің орындалуы бойынша тарқатып өтті.