Қарттар – елдің өткенін бағамдап, бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, еңбекттің өнегесін ұрпаққа жеткізген аяулы жандар. Олардың өнегелі жолы мен еңбегі – кейінгі буын үшін баға жетпес мұра.
Осыған байланысты, «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы мен Департамент қызметкерлері Түркістан қаласының ардақты қарияларының шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Әлеуметтік салада жоспарланған ізгі шара барысында Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы Түркістан қаласының тұрғындары, медицина саласында 41 жыл еңбек өтілімен мейірбике қызметін атқарған Мадалиева Ақтолқын және есеп-қисап қызметінде 25 жыл еңбек еткен Ерденова Бибісара Туребекқызына ақ тілектерін айтып, қарияларымыздың өмір жолы мен ел дамуына қосқан еңбектеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлының арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтар табысталып, қарияларға деген құрмет пен қамқорлық көрсетілді.
Қариялар – халқымыздың рухани қазынасы, ұрпақ тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін өнегелі өмірдің иелері. Үлкенге құрмет көрсету, олардың ақ батасын алып, өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі.
Осындай игі шаралар арқылы ұрпақтар сабақтастығы нығайып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі жалғаса береді.
Департамент ұжымы барша қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейді!
Қариясын құрметтеген елдің ырысы артып, берекесі тасиды.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні құтты болсын!
Толығырақ: https://t.me/enbekturkistan/418