Бүгін, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен апталық лездеме жиналысын өткізді.
Жиын барысында апта ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы тарқатылып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүргізілген жұмыстар сараланды.
Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыстардың орындалу барысы, оның ішінде жазатайым оқиғадан сақтандыру шартының орындалу бағытындағы атқарылған шаралар қаралды.
Сонымен қатар, Департаменттің қызметіне қатысты еңбек қатынастары саласы туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттар мен бейнематериалдардың сапасы, мазмұны және мерзімінде жариялану белсенділігі талқыланып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.
Күн тәртібінде 2026 жылғы ІІ-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару тізіміне сәйкес профилактикалық бақылау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің ұйымдастырылуы, олардың белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы, анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау және бақылау жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері де қаралды.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Өткізілген апталық лездеме қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге белгіленген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау тапсырылды.