Меню
Страницы

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА!

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРДА!
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бекіткен арнайы кестесіне сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек қатынастары саласындағы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының жеке қабылдауымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
 
Іс-шара барысында азаматтар өздерін еңбек қатынастары саласына қатысты толғандырған мәселелері бойынша жүгініп, еңбек заңнамасы, еңбек құқықтарын қорғау, жалақы төлеу, еңбек шарттарын жасасу және басқа да әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарына жауап алды.
 
Өңір тұрғындарына қолданыстағы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптары түсіндіріліп, әрбір өтініш бойынша тиісті кеңестер берілді.
 
«Ашық есік күні» – халықпен тікелей байланыс орнатып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң.
 
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
 
Азаматтардың өтініштері мен мәселелері әрдайым назарда!
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты