Меню
Страницы

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Департаменттің ұйымдастыруымен өңірдегі салалық кәсіподақ ұйымдарының, сақтандыру компаниясы мен өзге де заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Түркістан облысындағы еңбек қатынастары саласында мемлекеттік бақылаудың жай-күйі мен атқарылған жұмыстар, еңбек кодексі бойынша енгізілген өзгерістер, ұсыныстар, жазатайым жағдайлардың алдын-алу, еңбек дауларын болдырмау, еңбек заңнамаларының сақталуы туралы мәселелерге талдау жасау, түсіндірме беру, бірлесіп іс-шаралар өткізу.
Кездесу кіріспесінде Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы жиынға қатысушыларды күн тәртібіндегі жоспарланған мәселелермен таныстыра отырып, Департаменттің 2025 жылы еңбек заңдылықтарының сақталу саласында атқарылған жұмыстар, мекемелердегі қордаланған жалақы қарызы, облыста ашылып жатқан орта және ірі кәсіпорындардағы инвесторлардың кәсіподақ ұйымдарымен еңбек қатынасы саласындағы өз ара әрекеті мен әрекетсіздігі және кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердің сақталуы тиіс еңбек құқығының заңдылықтары туралы тарқатып өтті.
Күн тәртібіндегі кезекті мәселеде облыстағы еңбек қатынастары саласында мемлекеттік бақылаудың жай-күйі мен атқарылған жұмыстарды түсіндіру мақсатында Департаменттің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы баяндама жасады.
Одан әрі, Кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердің мүдделерін қорғау бойынша атқарылған жұмыстарды баяндау үшін сөз «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Өмірәлі Бердіғали мырзаға берілді.
Еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша атқарылған жұмыстарға Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы баяндама жасап, жұмыс берушілерге көрсетілген құқықтық көмектер мен олардың әлеуметтік міндеттемелері туралы «Атамекен» ҰКП Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ибадуллаев Асылан Сейілбекұлына сөз кезегі берілді.
Сонымен қатар, облыстағы жұмыс берушілердің қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан сақтандырудың жай-күйі туралы «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-ның Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалының жетекші менеджері Тлеуова Балауса Сақыбекқызы баяндама жасады.
Іс-шара барысында Департаменттің 2025 жылы еңбек заңдылықтарының сақталу саласында атқарылған жұмыстарының қорытынды слайды мен жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына арналған бейнероликтер көрсетіліп, дөңгелек үстел ашық сұрақ қою, ұсыныстар жасау диалогында өтті.
Департамент басшысы жоғарыда баяндалған бағыттағы жұмыстар Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қатаң бақылауына алынғандығын, сонымен қатар кәсіподақ ұйымдарының алдында тұрған басты мақсат — жұмысшыларға жайлы еңбек жағдайын туғызу қажеттілігіне тоқтала отырып, мекеме-кәсіпорын басшыларын Департаментпен бірлесе атқарылатын іс-шаралардың бірқатар ұсыныстар тізбесіне тоқталып өтті.
Жиын соңында Департамент басшысы еңбек қатынастары саласында бірлесіп атқарған нәтижелі жұмыстары үшін «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Өмірәлі Бердіғали және «Атамекен» ҰКП Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ибадуллаев Асылан Сейілбекұлын арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты