2023 жылдың 8 қыркүйек күні сағат 10:00-де облыстық басқармалар үйінің 1 қабатындағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында «Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер ұсыну» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде (2,5 пайыз) өтінімдерді қарау бойынша «Бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия» отырысы өткізіледі.
Конкурстық комиссия отырысы Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, №32 көшесі, №20 мекенжайы бойынша өтеді.
Комиссия қарауына өтінім берген несие алушы үміткерлердің міндетті түрде өздерінің аталған мекенжайға келулерін (облыстық басқармалар үйі ғимаратына кіру үшін жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс) және бизнес жобаларыңызды комиссияның алдында қорғауға дайын болуларын сұраймыз.
Ескертпе: Комиссия отырысына несие алуға өтінім берген үміткердің өзі қатысуы қажет немесе видео байланыс арқылы қатыса алады. Видео байланыс барысында үміткер тарапынан орын алған техникалық ақауларға (байланыс сапасы және т.б.) комиссияның жұмысшы органы жауап бермейді және өзге бір тұлғаның қатысуына жол берілмейді.
Қосымша ақпарат алу үшін комиссияның жұмысшы органы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 8 (72533) 5-95-32, 5-95-41 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.