Шетел жұмыс күшін тартатын ұйымдар мен мекемелерге ХАБАРЛАМА

Шетел жұмыс күшін тартатын ұйымдар мен мекемелерге ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 802 қаулысының (әрі қарай-Қағида) 2-тарауы 6-тармағына сәйкес, жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қағидаға 
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінімдер ұсынады.

Осыған орай, Түркістан облысы бойынша 2024 жылға шетел жұмыс күшін тартуға квотаны қалыптастыру және уәкілетті органға бекітуге жолдау үшін 2023 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қажеттілік жөніндегі өтінімдерді жолдау керек екенін хабарлаймыз.

Мекен жай: Түркістан қаласы, Жаңа қала ш/а, 32 көше, №20 ғимарат, тел:87253359546, эл.пошта: s.koziev@ontustik.gov.kz .