
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «электрондық үкімет» порталында орналастырылған онлайн сауалнамамен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Аталған онлайн сауалнама қызмет алушыға ыңғайлы болу үшін ЭЦҚ, «QR код» және биометриялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады (http://m.egov.kz/survey/).
Сондай-ақ, сауалнамада әр қызмет алушының осы күнге дейін алған қызметтері бойынша жеке дара бағалау мүмкіндіктері қарастырылған.