Табысынан айырылған қазақстандықтар мамыр айында тағы бір рет 42 500 теңге алады

Табысынан айырылған қазақстандықтар мамыр айында тағы бір рет 42 500 теңге алады

Бұл үшін өтінімді қайта беру қажет емес.

Мемлекет төтенше жағдай режиміне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге және екінші ай үшін жәрдемақы төлейді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Үкімет табысы жоғалған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде және екінші айда көмек төлейді. Өтінімді қайта беру қажет емес. Төлемдер бұрын ұсынылған құжаттар негізінде жүзеге асырылады", - делінген Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.