Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «электрондық үкімет» порталында орналастырылған онлайн сауалнама жүргізілуде.
Аталған онлайн сауалнама қызмет алушыға ыңғайлы болу үшін ЭЦҚ, «QR код» және биометриялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады (http://m.egov.kz/survey/).
Айта кету қажет, сауалнамада әр қызмет алушының осы күнге дейін алған қызметтері бойынша жеке дара бағалау мүмкіндіктері қарастырылған.