Түркістан қ. 23.06.2025 ж.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, сондай-ақ Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының 2025 жылғы 6 мамырдағы №119/1-ө бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың және 2025 жылдың 5 айының қорытындылары бойынша Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдаудың негізгі бағыттары:
Аналитикалық анықтама
Басқарманың біліктілік талаптарын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерінде шешімдерді өз қалауынша қабылдауға мүмкіндік беретін және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жағдай жасайтын нормалар анықталған жоқ.
1.1. Персоналды басқару және кадр ауысымы
2024 жылдың қорытындысы:
– жеке құрам бойынша 117 бұйрық;
– негізгі қызмет бойынша 329 бұйрық;
– іссапарлар бойынша 113 бұйрық.
Барлығы – заңнамаға сәйкес.
2025 жылдың 5 айы ішінде:
– жеке құрам бойынша 52 бұйрық;
– негізгі құрам бойынша 141;
– іссапарлар бойынша 40 бұйрық.
Талдау кезеңі ішінде:
– 6 мемлекеттік қызметші тағайындалды (конкурстың екінші кезеңі);
– 4 қызметкер басқа бөлімдерге ауыстырылды;
– 15 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды;
– 8 қызметкер жұмыстан босатылды (оның ішінде 2-еуі зейнет жасына жетуіне байланысты).
2025 жылдың 5 айында 2 мемлекеттік қызметшіге 2 тәртіптік жаза (ескерту) берілді.
1.2. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеріс нәтижелері (14.05.2025–02.06.2025)
Анықталған кемшіліктер:
Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, кадр қызметіне нұсқамалар берілді.
Басқармада жұмыс істейтін қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысы, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың бірге жұмыс істеуі фактілері анықталған жоқ.
Басқарма екі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
3.1. «Қандас» мәртебесін беру қызметі
2024 жыл: 630 отбасы (1 182 адам) құжат алған.
2025 жылдың 5 айы: 193 отбасы (309 адам).
Мерзім бұзушылықтар жоқ.
Анықталғаны:
73 өтініш қажетті құжаттарсыз қабылданған — бизнес-процестің бұзылуы.
Барлық 73 өтініш бойынша комиссия бас тартты.
3.2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
2024 жыл:
– квота 324 бірлік;
– 22 ұйымға 163 шетелдікке рұқсат берілді.
2025 жыл:
– квота 1 107 бірлік (оның ішінде 900 – маусымдық);
– маусым айына дейін 26 ұйымға 689 қызметкерге рұқсат берілді.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.
4.1. Бюджет
2024 жыл:
– бөлінгені — 63 959 959 мың тг;
– игерілгені — 60 806 186,7 мың тг (95,1%);
– игерілмегені — 3 153 772,3 мың тг.
Себебі: жастарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша қаражаттың түспеуі (3 105 002,5 мың тг).
4.2. Іссапар ақыларын төлеу кезіндегі бұзушылықтар
15 қызметкерге төлем 8 күнге кешіктіріліп жүргізілген.
Мұндай кешігулер сенімнің төмендеуіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғуы мүмкін.
2024 жыл:
– 720 өтініш (434 басқармада қаралды, 286 қайта бағытталды).
2025 жылдың 5 айы:
– 567 өтініш (өсім — 261,3%);
– 307 басқармада қаралды, 260 қайта бағытталды.
Әкімшілік-процестік кодекс нормаларының бұзылуы анықталған жоқ.
Мына бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:
– субсидияланатын жұмыс орындары қажеттілігін айқындау;
– субсидияланатын орындар және АСП бойынша төлемдерді бақылау;
– жеке көмекшілер қызметін бақылау;
– Әлеуметтік қызметтер порталының ашықтығын арттыру;
– аудандық жұмыспен қамту комиссияларының жұмысын түзету;
– гранттардың мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу;
– «Ардагерлер үйін» Түркістан облысына көшіру мәселесін зерттеу.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, Басқарма мен аудан/қала әкімдерімен бекітілді.