№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
||
1 |
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грантты қалай алуға болады? |
Enbek.kz сайты арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сертификат алу; Бизнес жоба жасау; Enbek.kz сайты арқылы –өтінім беру |
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар (бұдан әрі-гранттар) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 АЕК мөлшеріне дейін беріледі. Грант алуға өтінім білдіру үшін: 1. осал топ қатарында болу; 2. жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда; 3. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сертификат алу; 4. Бизнес жоба жасау; 5. Enbek.kz порталында грант алуға өтінім қабылдау уақыты басталғанда, өтінім білдіру. 6. Грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасын мансап орталығы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссияның отырысына қарауға шығарады. 7. Комиссия отырысының шешімі "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізілгеннен кейін грант алуға үміткер Порталдағы "Жеке кабинет" арқылы грант беру/бермеу туралы тиісті хабарлама алады. |
Әлеуметтік кодекс 20.04.2023ж. №224-VII ҚРЗ; «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 ж №272 бұйрығы |
Қайтарымсыз грант; 400 АЕК; Бизнес жоба |
||
2 |
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Мамандық бойынша тұрақты жұмысқа қалай орналасуға болады? |
Мамандық бойынша тұрақты жұмысқа орналасу үшін enbek.kz сайтында жарияланған бос жұмыс орындарына өтінім білдіре алады |
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі: Жұмысы немесе табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі: 1. Тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы; 2. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы; 3. «Электрондық еңбек биржасы» арқылы жүзеге асырылады. Еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі: 1. Жұмыс берушілерге лайықты маман таңдауға, ал жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзге де жүгінген адамдарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу үшін еңбек делдалдығы жүзеге асырылады. 2. Мансап орталығы адамды жұмыссыз ретінде тіркегеннен кейін оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді немесе оны жұмысқа орналастырудың жеке жоспарына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жібереді.
|
Әлеуметтік кодекс 20.04.2023ж. №224-VII ҚРЗ; Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №214 бұйрығы |
Бос жұмыс орындары; тұрақты жұмыс |
||
3 |
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі? |
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
|
Атаулы әлеуметтік көмек Кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Шартсыз ақшалай көмек Шартсыз ақшалай көмек: 1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға: осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты; 2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі. Шартты ақшалай көмек 1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар кірісі аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) қажет болғанда әлеуметтік бейімдеу кезінде көрсетіледі. 2. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады. Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады. Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 3. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт кірісі аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынылған кезде бұзылады. Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады. 4. Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу: 1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға; 2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға; 3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға; 4) үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды. Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін; 5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді. Сонымен қатар, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – "портал"), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өтініш білдіруге болады.
|
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі (Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі), Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы |
Атаулы әлеуметтік көмек |
||
4 |
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
тауарлардың және (немесе) көрсетілетін бағасы мемлекет тарапынан кепілдендірілген шекті бағадан асқан жағдайда мүгедектігі бар адам қалай сатып алуға болады? |
мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді |
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 168- бабы, 3 тармағы сәйкес, мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен белгіленетін кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар. Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.
|
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі. |
оңалту техникалық құралдарын алу |
||
5 |
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Мүгедектігі бар адамдарға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, санаторийлік-курорттық емдеу қызметіне барғанда күтушісімен жолдаманы бөліп қолдануға болады ма? |
Мүгедектігі бар адамға ұсынылатын санаторийлік-курорттық емдеу қызметін басқа адамға беруге және басқа адамдармен бөліп пайдалануға жол берілмейді. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, санаторийлік-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мүгедектігі бар адамға ұсынылатын санаторийлік-курорттық емдеу қызметін басқа адамға беруге және басқа адамдармен бөліп пайдалануға жол берілмейді.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы |
Санаторий, мүгедектігі бар адам, күтуші |
||
6 |
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетілетін санаторийлік-курорттық емдеуде ақысыз ұсынылатын қызметтер бойынша |
«Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес қызметтер көрсетілеті. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 32263 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартының 7-қосымшасына сәйкес медициналық оңалту түрінің көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес санаторий-курорттық ұйымда адамдардың уақытша болуы жағдайында көрсетілетін медициналық оңалту түрі болып табылады. Дәрігердің тағайындауы бойынша санаторий-курорттық емдеу курсына келесі қызметтер енгізіледі: -бальнеологиялық (минералды ванналар, емдік душтар: дөңгелек, Шарко); - гидротерапия; - парафин-озокеритті емдеу, балшықпен емдеу; - механикалық массаж (кемінде 7 процедура); - қол массажы (кемінде 7 процедура); -сауықтыру рәсімдері: жаттығу залы, бассейн; - белгіленген нормаларға сәйкес калориялы бес рет тамақтану және диеталық үстелдерді қалыптастыру, олардың құнын өтеу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 «Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығы
|
Санаторий, мүгедектігі бар адам, күтуші |
||
7 |
«Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
Жеке көмекші қызметі мүгедектігі бар адам санаторийлік-курорттық емдеу уақытында болған кезде неге тоқтатылады? |
Жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз ету медициналық ұйымда, оңалту орталығында, санаторийлік-курорттық ұйымда стационарлық емдеу, мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болған кезеңіне тоқтатылады. |
Жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз ету медициналық ұйымда, оңалту орталығында, санаторийлік-курорттық ұйымда стационарлық емдеу, мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болған кезеңіне тоқтатылады. |
«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы |
Санаторий, мүгедектігі бар адам, күтуші |