Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында «Автокөлікпен тасымалдаушы және автовокзалдар Түркістан аймақтық қауымдастығының» төрағасы Қ.С.Атабековтың, «Түркістан облысының жолшылар мен құрылысшылар қауымдастығының» төрағасы С.Ш. Сүгірбаевтың қатысуымен ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын талқылау жиыны өткізілді. Жиналысқа, Жиналыс шешімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша талдамалық анықтамасының талқылау хаттамасы жасалды.