Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.А. Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Ішкі талдау жұмыстары 31 наурыз – 16 мамыр аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8-747-339-32-34.
Эл.почта: me.asanov@ontustik.gov.kz.