Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру семинарына қатысуға шақырамыз. Семинар ағымдағы жылдың 5 мамыр – 4 шілде айлары аралығында өтеді.
Аталмыш семинарға кез-келген тұрғын, соның ішінде кредиттік міндеттемелерінің мерзімі 90 күннен асқан азаматтар қатыса алады.
Семинар барысында СІЗ отбасылық бюджетті жүргізуді, өз шығындарыңызды басқаруды, қаржылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды үйреніп, заңгерлердің көмегін ала аласыз.
Биыл жаңа форматта ұйымдастырылып отырған семинардың 3 күні офлайн интенсивті оқу түріндн, 2 күні онлайн форматында өтеді. Семинарды «AMANAT» партиясының тәжірибелі қаржы сарапшысы жүргізеді.
Оқыту толығымен ТЕГІН!
Толық мәліметті +7 700 045 00 77 нөміріне хабарласып біле аласыз.