024 жылдың 23 тамыз күні Жетісай Ауданы әкімі аппаратының және аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық қорғау, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында «Құқықтық көмек» акциясы өткізілді.

024 жылдың 23 тамыз күні  Жетісай Ауданы әкімі аппаратының және аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық қорғау, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында «Құқықтық көмек»  акциясы өткізілді.

       Акция мақсаты – құқықтық ақысыз қызмет көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесу, жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштердің санын азайту, қайталама мағыналас өтініштерді болдырмау.
       Прокуратура және полиция қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылар, нотариустар, заң консультанттарымен, тиісті мекеме өкілдері халыққа ақысыз заңгерлік көмек көрсету және кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өздеріне қажетті мәселелер бойынша түсініктемелер алды.
     Бұл шарада 30-ға жуық тұрғынға мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде: алимент өндіріп алу, жеке сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты сұрақтар, алаяқтыққа қатысты өтініштер, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, бойынша заң көмегі түсіндірілді.
Бұдан бөлек әлеуметтік салаларға қатысты жерге кезекке тұру, тұрғын үймен қамтылу, жұмыспен қамтылу және ата-анасынан айырылған балаларға қатысты көрсетілетін құқықтық көмек бойынша тұрғындар сала мамандарына жүгінді.
Азаматтарды толғандырған сауалдарға, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер берілді.